28 қараша кинопремьералары - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бүгін Disney студиясының «Мұзды өлке 2» анимациялық картинасы қазақша дубляжбен шықты

Одан бөлек Дэниэл Крэйг түскен детектив, Канн кинофестивалінің Гран-при иегері, Саят Исембаевтың қатысуымен түсірілген моңғол боевигі бар.

«Мұзды өлке 2» Холодное сердце 2» / «Frozen II») [6+]: Disney студиясының әйгелі анимациялық мюзиклінің жалғасы. Алғашқы бөлім қойған табыс пен көрілімге қатысты рекордтары бұл жолы да қайталанады деген болжам бар.

Сюжетте Анна, Эльза, Кристоф, оның сенімді бұғысы Свен және үнемі көңілді жүретін аққала Олаф патшалықты тастап, солтүстікке аттанады. Олар елдің өткеніне қатысты құпияны ашпақшы.

«Мұзды өлке 2» прокатқа қазақша дубляжбен шығады.

«Қынсыз қанжар» («Достать ножи» / «Knives Out») [16+]: Дэниэл Крэйг, Ана де Армас, Крис Эванс, Джейми Ли Кёртис, Майкл Шеннон секілді жұлдыздардың басын қосқан комедия элементтері бар детектив.

Фильмдегі негізгі оқиғаның өрбуіне қылмыстық романдардың 85 жастағы авторының жұмбақ себеппен қайтыс болуы себеп болады. Детектив Бенуа Блан бұл істі қолға алады. Ол Харланның отбасы құрған өтіріктер шырмауын үзіп, шындықтың түбіне жетпекші.

«Алғашқы махаббат» («Первая любовь» / «Hatsukoi») [16+]: Жапон-британ қылмыстық мелодрамасы. Картина биыл Канн кинофестивалінде көрсетілді.

Фильм Рео деген ауыр дертке шалдыққан боксшы мен Моника есімді қарызға белшесінен батқан жезөкше-нашақор туралы. Оларда алғашқы махаббат күтпеген жерден пайда болады. Олардың сезімі мен өмірі қатерге толы: екеуінің соңына якудза, сатқын көп, қытай триадасы жіберген киллер және ақ жамылған аруақ түскен.

«Атлантика» («Atlantique») [16+]: Биыл Канн кинофестивалінде Гран-при алған француз драмасы.

Фильм оқиғасы Дакарда өтеді. Атлант мұхитының жағалауында орналасқан қаланың маңынан алып ғимарат тұрғызылады. Бұл жерде істеген құрылысшылар айлап ақы алмаған. Бір күні жұмысшылар елді тастап, жаңа өмір іздеп кетеді. Олардың арасында Ада есімді сұлуға ғашық Сулейман деген жігіт те бар еді. Қыз ата-анасының шешімімен басқа біреуге күйеуге шықпақшы.

«Тамаша заман» («Прекрасная эпоха» / «La belle époque») [18+]: Француз киносының жұлдызы Гийом Кане ойнаған драма.

Сюжет бойынша бір компания кез келген заманға жөнелту қызметін ұсынады. Әйелімен қарым-қатынасында дағдарысқа ұрынған талантты суретші осы қызметті пайдаланбақшы. Ол көп жыл бұрын ғашығын кездестіріп, бастан өткізген керемет сезімдерді қайтадан бастан өткізуді қалайды.

«Қанды туыстық» («Тёмная сторона» / «Bloodline») [18+]: Америкада түсірілген қылмыстық триллер. Басты рөлде - Шонн Уильям Скотт.

Фильм Эванс есімді бақытты еркек туралы. Оның жағдайы жақсы – әйелі мен баласы бар, мектеп психологы болып істейді. Бірақ Эванстың ешкім білмейтін басқа – түнекпен жасырылған қыры да бар.

«Қорғаушылар» («Хранители») [16+]: Отандық актер Саят Исембаевтың қатысуымен түсірілген моңғол боевигі.

Фильм Шыңғыс хан тақырыбына арналады. Оның киелі мөріне жол сілтейтін карта бар. Әр 60 жыл сайын сол картаны қорғаушылар бас қосады. Кезінде олардың қатарынан сатқын шығып, екі топ арасында картаға талас басталған. Сол шайқас біздің күнге дейін жалғасып келеді.

«Лев Яшин. Арманымдағы қақпашы» («Лев Яшин. Вратарь моей мечты») [6+]: Танымал спортшы, қақпашының өміріне арналған Ресейде түсірілген драма.

Лев Яшинді көпшілік «қара өрмекші», «қара пантера», «қара сегізаяқ» деп атады. Икемдігі мен шапшаңдығы оны әлемге танытты. Бірақ Чилиде әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін ол алаңнан кетті. Осыдан кейін Яшин футболға оралып қана қоймай, әлемнің үздігі бола алды. Ол «Алтын доп» алған әлемдегі жалғыз қақпашы атанды.

Бұлардан бөлек прокатқа ресейлік «Аванпост» фантастикалық боевигі мен «Тварь» үрейлі триллері шықты.


0 Пікір Кіру