Шымкентте «Жаңарған, жаңғырған Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Шымкент қаласы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Шымкент қаласының 2020 жылы - ТМД елдерінің мәдени астанасы аталуына орай, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Жаңарған, жаңғырған Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Аталған шарада «Cалалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетұлы алғашқы сөз кезегін алып, барша көрермен қауымды мерекемен құттықтап, Елбасымыздың еліміздің дамуы мен мәдениет саласына қосқан ауқымды үлестерін ерекше атап өтіп, театр ұжымына да шығармашылық табыстар тіледі.

0 Пікір Кіру