Бес бойдаққа бір той - на weekend.bugin.kz
Сағадат Ниеталиев - на weekend.bugin.kz Сағадат Ниеталиев

Қырманбайдың тойы

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры сахнасында араға 5 жыл салып Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясы қайта оралды! 20, 29 қараша күндері барып тамашаласаңыздар болады!

Көрнекті жазушы-драматург Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы ұлтымыз үшін маңызын жоймайтын ұрпақ тағдыры мен оның болашағы мәселесін күлкі призмасынан қарастырады. Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұлдары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбай ұлдарының тұрмыс-тыныс тіршілігіне  қарны ашады, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы болса, ұлдары әкесін үйлендірмекке әлек.

Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын, әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі. 

Қоюшы режиссері және өлеңдерін жазған - Ә.Рахимов

Суретші - Е.Әдісбек

Музыкасын өңдеген - Д.Каден

Билерін қойған - Г.Мұхамеджанова

Режиссердің ассистенты - Б.Тұрыс

Режиссердің көмекшісі - Б.Әбдіков (www.ticketon.kz сайтынан алынды).


0 Пікір Кіру