Қазақ тілі бұл қатардан табыла ма?

Жер бетінде 6 мыңнан астам тіл өмір сүреді. Олардың әрбірі екі апта сайын өліп отырады. Яғни өлі тілдер қатарына еніп, жер бетінен жойылып кетеді. Қазір әлемде негізгі басымдылыққа ие 8 тіл бар: ағылшын, қытай, орыс, араб, испан, португал, неміс және француз тілі.


Жыл сайын адамдардың бірнеше тілді меңгеруге деген құлшынысы артып келеді. Бұл адамның қалауынан бұрын заманның талабы деуге болады. Сонымен жер бетіндегі үйренуге ең қиын деп саналатын 5 тіл қандай?


Қытай тілі

Қытай тілі – жер бетіндегі ең ежелгі тілердің бірі болып саналады. Оның нақты алфавиттік қатары жоқ. Себебі иероглифтермен таңбаланатын қытай әріптерінің әрбір таңбасы бір сөз болып оқылады. Тек бұл ғана емес, бір қытайдың өзінде бір тілді бірнеше жікке бөліп сөйлейтін халықтар бар. Сондықтан болар әлемдегі ең қиын тіл ретінде алғашқы орынды бастап тұрған осы тіл.


Араб тілі

Араб тілі де ең көне тілдердің бірі. Оның қиындығы оқылуы мен жазылуында. Себебі араб тілін жазудың 4 түрлі әдісі бар. Әріптерді айту өте қиын. Ал сөздер мен сөйлемдерді айтқан кезде тілдің күрмеліп қалатыны да анық.


Венгер тілі

Әлемдегі ең қиын тілдердің бірі венгер тілі. Оның қиындығы грмматикасында 35 сөз табы бар. Венгер тілінің тағы бір қиындығы оның айту кезінде тамаққа күш салатын жерлері бар.


Жапон тілі

Жапон тілінің қиындығы тілді пайдаланудың үш түрлі жүйесі бар. Жапон тілін үйрену үшін студенттер 10 -15 мың иероглифті жаттау керек.


Эстон тілі

Эстон тілінде 12 сөз табы бар. Ең қиыны эстон тілінің грамматикасында сөз таптары ең маңызды рөл ойнайды. Тіпті кейбір сөздердің дұрыс айтпау мүлде басқа мағынаны беруі мүмкін.

Марғұлан