Қаракөз Амантай

Астанада қаңтар-қазан айларында 27 998 бала дүниеге келген

Елорда әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туған нәрестелер арасында ең танымал есім - Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 ұлды Әлихан деп атаса, 387 қызды Медина деп атаған.

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді. Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.

0 Пікір Кіру