300 миллион доллар су астында жатыр...

1912 жылы 15 сәуір адамзат тарихындағы ең үлкен апат орын алған күн. 2 сағат 40 минут ішінде Атлант мұхитының түбіне кеткен Титаник кемесі бүгінге  дейін жұмбағы әлі шешілмей келе жатқан құбылыстардың бірі. Айсбергке соғылған кеменің қалдығы мұхит астында жатқалы 1 ғасыр өтсе де әлі ешкім оны су бетіне шығара алған жоқ. Неге?

 

300 миллион доллар су астында жатыр...

 

Тексеру жұмыстарына байланысты жасалған құжаттар негізінде Титаникте ең құнды жәдігерлер, алтын, көп көлемдегі ақшалар және түпнұсқадағы қымбат суреттер болған. Тек бұл ғана емес Омар Хаям «Рубайлары» атты қолжазбаның да түпнұсқасы осы кемеде болған. Жалпы құны 300 миллион доллардан асып жығылатын байлық су астында жатыр.

 

Кемені мұхит бетіне шығару мүмкін емес

 

Техникалық жабдықтарды есептемеген күннің өзінде Титаниктің нақты қай жерде екенін табу мүмкін болмаған. Арада І және ІІ Дүниежүзілік соғыс басталып, кемедегі байлық туралы ойлар бірнеше жылдарға қалыс қалды. Соғыс аяқтала салысымен, кемеде болған байлардың ұрпақтары қайтадан іздеу жұмыстарын жасауға кірісті.

 

1953 жылы британиялық компаниялардың бірі іздеу жұмыстарын жасап, кеменің нақты қай жерде жатуы мүмкін деген себеппен картаның сызбасын дайындады. Өкінішке орай бұл жолы да іс нәтижесіз аяқталды. 1966 жылы қоры 5 миллион долларды құрайтын арнайы экспедиция жұмыстары жасалды. Екі рет жасалған жұмыстың да нәтижесі далаға кетті. Тек 1985 жылы ғана су астына терең бойлауға икемделіп жасалған «Арго» суасты кемесі арқылы ғана Титаниктің қалдығын табуға мүмкіндік туды.

 

Ғалымдар мен зерттеушілер, іздеуге ат салысқан түрлі саладағы адамдардың болжамы дұрыс болып шықты. Кемені мұхит бетіне алып шығу мүмкін емес. Себебі оның қазіргі жағдай өте нашар. Оның су бетіне жеткенге дейін бытырап жоқ болып кеткеніні белгілі болды. Ұзақ жыл су астында қалған кеменің қалдығы қол тисе шаңға айналып кететін күйге жеткен. 2004 жылы Халықаралық бірлестіктердің отырысында Титаник батқан аймақты қорғауға алып туралы қол қойылды. Осыдан кейін Титаниктегі байлықты су бетіне алып шығу мәселесі жабылды.

Марғұлан