Ұялмасаң хайыпта, хайыптағанды айыпта - на weekend.bugin.kz
Нұрсұлтан Айдар - на weekend.bugin.kz Нұрсұлтан Айдар

Жастар дегредациялануының дәлелі осы

Бүгінгі күні, қоғамымызды қаптаған өзін-өзі «рэпер», «хип-хопер» деп атап алатын жастармен «қызтекелер» күрт көбейіп бара жатыр, әлде бұл үрдіс сәнге айналып барады ма? Қоғамымызға бұл өзгерістер қажет пе, не болмаса қоғамымыз бұған дайын ба? Батыс елдерінен, Қиыр шығыс       (Корея) елдерінен үлгі алатын жастардың қазақ елінің менталитетіне мүлдем келмейтін дүниені біздің қоғамға тыққыштаудың әсері қандай екеніне, әлі көздері жетпеді ме? «Атың шықпаса жер өрте, ұялмасаң хайыпта», деген осы болар. Десе де, ұрандатқан ұлы батыр елдің ұрпағының бұлай майдаланып кетуінің басты факторы – осы жағдайға келіп тұр.

«Бүгіннен бастап», күннің өзекті сауалына жауап беріп, күрделі мәселенің шешімін бірге табуға тырысайық. Жуырда ғана, «Первый канала Евразия» арнасының «Пендеміз ғой» ток-шоуының эфиріне шыққан Азамат Мейрамбек есімді жігіттің интервьюі елдің жағасын ұстатты, лақап аты «Parfumer» , Instagram әлеуметтік желісінде оқырмандар аудиториясы 39 400-ге барып жығылатын бұл пенденің елден ерекшелігі не екен?! Желіні шулатқан видеоның авторы ретінде «Parfumer» шетелге демалуға экстра сұрыпты қыз іздеймін дейді, онымен қоса Монакоға не шұғылалы жағалауға бірге баратын сұлуға 20 000 АҚШ долларын уәде етеді, оның талаптарына сай келетін сұлудың есімі: Карина, Қарлығаш немес Алина болуы шарт, мыс. Азаматтың бұл әрекетін аға буын сынға алып, жастар жағынан қолдаған да, қолдамаған да табылды. Жұрттың назарын аудару үшін жас буынның мұндай әрекетке баруын қалай түсіндіріп беруге болады? Қазіргі заманда вирустай қаптап, жастар санысын улап бара жатқан: challenge, пранк деген дүниелер арқылы видео түсіріп, әлеуметтік желіге салып хайып жинау қоғамымыздың індетті дертіне айналып барады. Parfumer-де осы жеңіл-желпі жол арқылы елдің назарын аударып, атақ жинамақшы болғаны айдан анық. Бірақ неліктен, мемлекеттік қызметкер бұндай әрекетке барды?! Қалталы Азамат болса, елге пайдасын тигізіп азаматтығын неге жасамасқа? Бәлкім, қарапайым пендені мемлектеттік қызметкер кезінде ешкімнің елемегені оның ызасын туғызды ме екен?! Бәрі де мүмкін... Десек те, бұл әрекетімен Азамат жас буынға не өрнек көрсете алмайды, не үлгі бола алмайды. Хайып арқылы жинаған атағы ата-бабаларымыздың ерлігіндей ұлттың жадында мәңгілікке мөрленбесі анық!

Жалпы қорыта айтқанда, Parfumer-дің бұл қылығы ел даналары мен дараларының төбе шашын тікірейтіп, жаға ұстатқаны, белгілі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Ел ертеңі –білімді жастар» , ал жастардың мұндай әрекетке баруы, елміздің жарқын болашағына балта шабуымен тең! Ал, дегредацияланып бара жатқан жастардан қандай болашақ күтеміз? Мені осы мәселе қатты толғандырады, сізді ше? Егер де бұл жағдай сізді де толғандыратын болса, бұл үрдіске бей-жай қарамасаңыз, «бүіннен бастап» бірге талқылайық!..


8 Пікір Кіру