Қаракөз Амантай

Қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан Шерхан Мұртазаның өмір жолындағы қызықты деректері мен нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Шерхан Мұртаза— жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1932 жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келіп, 2018 жылдың 9 қазанында дүниеден өтті. Шын есімі – Шері.


    Шерхан Мұртаза туралы 8 қызықты дерек

  1. Шерхан Мұртаза 6 жерде бас редактор болып қызмет атқарған.

1970 — 1972 жылы «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы;

1972 — 1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы;

1980 — 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы;

1989 — 1992 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы;

1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы;

2. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізген.

3. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.

4. Алғашқы «Құрылысшы Дәку» атты очерктер жинағы 26 жасында жарық көрді.

5. Жазушының еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған.

6. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды «Қызыл жебе» деп аталады. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. Сондықтан да бұл халықтың ықыласына ерекше бөленген шығарма.

7. Бір қызығы Шерхан Мұртаза бастапқыда жазушы, журналист ретінде емес ақындығымен танылған.

8. Сонымен қатар төс белгілер және асықтар жинағанды жақсы көрген.


          Қанаттты сөздері

·        Пейілі жаманды құдай табады.

·        Шын жазушының көзі көкірегінде болады.

·        Таланттылар — раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады. Тікені, азабы өзіне. Талантсыздар шошқатікен сияқты. Гүлдемейді. Азабы өзгеге. Жамандық — солардан.

·        Шындық — ащы һәм ажарсыз.

·        Рухани азып-тозу өліммен тең.


0 Пікір Кіру