Марғұлан Ақан

9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні

Бүгін дүниежүзі бойынша пошта қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін тойлатуда. Ал біз сіздерге аталған қызмет туралы қызықты деректер топтамасын ұсынамыз.

 

1911 жылы 18 ақпан күні тұңғыш рет әуе арқылы пошта қызметі іске қосылды. Үндістанның Аллахабада қаласынан шыққан ұшақ көрші Наиниге алты мыңнан астам хатты тасымалдаған.

 

Тынық мұхитындағы Вануату мемлекетінде су асты пошта бөлімшесі бар. Иә, дұрыс оқыдыңыз, су астында арнайы жасалған, хаттарды жеткізетін және қабылдайтын су асты пошта бөлімшесі орналасқан. 3 метр тереңдікте орналасқан бөлімшеге шынымен де хат жолдай аласыз.

 

1916 жылы ағылшын кәсіпкері пошта арқылы 80 мың кірпіш тасымалдаған. Ол басқа қалада өзіне керек банк ғимаратын тұрғызып жатқан. Ол есептей келіп, пошта арқылы тасымал жасаудың өте арзанға түсетінін білген. Бұл қулықты білген әкімшілік алдағы уақытта бір адам пошта арқылы бір күнде тек 91 кг затты жібере алатын заң енгізген.

 

Пошта арқылы жолданатын хатыңыздағы марканы дұрыс жабыстырып берген дұрыс. Егер теріс бағытта жабыстырып қойсаңыз, әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Марканы ойлап тапқан ағылшындар мұндай қателікті кешіре алмайды.

 

Әлемдегі пошта қызметтері минутына жалпы есепте 5 миллион хат пен затты басқа жаққа жөнелтеді.

 

Жер бетінде хатты ең көп алатын екі адам бар: бірі – Рим папасы. Екіншісі – Аяз ата. 1985 жылдан бері өмірде жоқ болса да, «Аяз ата» атанып кеткен белгісіз мекендегі белгісіз адамға 18 миллион хат жазылған және пошта арқылы жіберілген.

3 Пікір Кіру