Жердегі жұмағым - на weekend.bugin.kz
Ақниет Бақытжанқызы - на weekend.bugin.kz Ақниет Бақытжанқызы

Анашыма....

Асыл анам, жанарымның нұры, жарық дүнием, баға жетпес асылым, жайқалып өскен бағым. 

Анашым, сізді соңғы күндері еркімнен тыс қатты сағынып жүрмін. Сағынышымды игере алар емеспін. Сабырсыз жанмын.

Анашым, бүгін тағы сізді ойладым. Көзіме сағыш пен маxаббатымның ыстық жасы еріксіз төгілді. Әрбір жасым үнсіз ғана құлауда.

 Білемісіз Анашым, менің жердегі жұмағымсыз, жәннәтім менің.  

Мына жалған өмірде жауабын таппай жүрген сұрақтарымның шешімі, жалғанның шынайысы, өтіріктің шыны, жаманның жақсысы, ащының тәттісі, ыстықтың суығы, қараның ағы, жоқтың бары дәл өзіңсің анашым. Сен дегенде шығар жаным, шырқар әнім бөлектеу. Анашым, мына сенсіз  жұлдызсыз аспанмен, жылусыз күнмен теңмін. Анашым, сен мына менің жарық әлемім, мына бар болмысымсыз. Анашым, өзіңнен нәр алып,жайқалып өскен бұтағың бүгінде жас  қайың. Әліде суғармаса, қарамаса оны біреудің бұталап кетпесіне кім кепіл?!  Анашым, бағым-ау сенсіз менің күнім- тордағы бұлбұлмен тең. Оңың әсем даусы мен сайраған таңдайынан не пайда? Егер тынысы торда болса.  

Анашым, сенде менің тынысымсың, түсінемісіз тынысымсыз. 

0 Пікір Кіру